• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 05 Қазан, 2021

Р.Скляр корей кәсіпкерлерімен кездесті

225 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр және Корея Республикасымен ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы корей кәсіпкерлерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Корей тарапынан 15-ке жуық ірі компания: «Lotte Confectionery», «Medical Partners Korea», «Dongil Construction», «Samsung Electronics», «Daewoo Bus Company», «Mark Point», «POSCO», «SK E&C», сондай-ақ «KHIDI» өнеркәсіп және денсаулық сақтау даму институты және «KOTRA» сауданы ынталандыру агенттігі сияқты ұйымдардың және т.б. басшылығы қатысты.

«Кездесу барысында корей тарапы қолданыстағы жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Қазақстан экономикасының басым секторлары – құрылыс, тау-кен металлургиясы кешені, ақпараттық технологиялар, энергетика, машина жасау және т.б. салалардағы жаңа инвестициялық жоспарлары туралы айтты», деп жазылған Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар екенін атап өтті, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктеріне назар аударды.