Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2021 жылдың 1 қазанындағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын экспорттаудың кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге алып шығуға тыйым салынған тауарлардың тізбесі бекітілсін», делінген құжатта.
Тізімге мүйізді ірі қара мен ұсақ аналық мал енгізілген.
Бұйрық 2021 жылы 15 қазанда күшіне енеді.