6 қазанда Алматыда алғашқы қар жауды. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде ерекше суреттермен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, бүгін Алматыда күн бұлтты, күндіз ауа температурасы минус 1 градус болады. Түнде минус 3 градусқа дейін төмендейді.
Алматы ТЖД машиналарды ағаштар мен электр жеткізу желілерінің астына қоймауды ұсынады. Мұндай ескертуді құтқарушылар синоптиктердің 5 қазандағы қар жаууы мүмкін деген болжамына байланысты жіберді.
Қала тұрғындары қыстың ерте келгеніне таң қалды. Әлеуметтік желілерде Алматыда алғашқы қар әдетте қараша айының басында жауатыны туралы түрлі пікірлер жазылып жатыр.