• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Қазан, 2021

Мадридте «Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесінің отырысы өтті

246 рет
көрсетілді

Мадридте «Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесінің 6-шы отырысы өтті. Оның аясында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) Басқарма төрағасының орынбасары  Думан Әубәкіров CESCE Испандық экспорттық-кредиттік агенттігімен және COFIDES (Compañía Española de Financiación del Desarrollo) дамытуды қаржыландыру жөніндегі компаниямен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан мен Испания – халықаралық аренада бұрыннан тиімді жұмыс істейтін сыртқы сауда және экономикалық серіктестер. Тек өткен жылдың өзінде елдер арасындағы тауар айналымы $1,4 млрд құрады (экспорт – 1,21 млрд, импорт – 187,7 млн). 

Банк делегациясы испан-қазақстандық экономикалық ынтымақтастығының ресми қаржы құралдары мен перспективаларына арналған панельдік сессияға қатысты.

«ҚДБ миссиясы металлургия, көлік және логистика, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, энергия өндіру және беру, құрылыс және өңдеу өнеркәсібінің басқа да салалары сияқты елдің шикізаттық емес секторын қаржыландыру арқылы ұлттық экономиканың орнықты дамуына жәрдемдесу болып табылады», деді ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Думан Әубәкіров.

Сондай-ақ Іскерлік кеңес отырысы аясында Даму Банкі мемлекеттік мекемелер - Сыртқы сауда институты (ICEX), Ресми кредит беру институты (Instituto de Crédito Oficial, ICO), Ұлттық инновациялық компания (Empresa Nacional de Innovación, ENISA), сондай-ақ бірқатар ірі испан банктері (Santander, BBVA, Sabadell және Popular) мүшелері болып табылатын акционерлік қоғам ретінде жеке-мемлекеттік әріптестіктің үлгісін білдіретін испандық дамуды қаржыландыру компаниясы – COFIDES-пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда «COFIDES» тарапынан инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін қызығушылық тудыратын неғұрлым перспективалы секторлар фармацевтика және агроөнеркәсіп болып табылады. Бұл салаларды біз пандемиядан кейінгі кезең мен өңірлік хабтар құру мақсатында Қазақстанның геостратегиялық жағдайын ескере отырып іріктеп алдық», деп атап өтті COFIDES өкілдері.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚДБ делегациясының басшысы Думан Әубәкіров пен CESCE экспорттық-кредиттік агенттігі Басқармасының төрағасы Фернандо Салазар Пальма ҚДБ клиенттерінің, сондай-ақ испандық экспорттаушылардың өзара пайдасына мәмілелер жасауды ынталандыру және жүзеге асыруға жәрдемдесу және экспорттық қаржыландыру саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осылайша, тараптар болашақта өзара тиімді серіктестік үшін берік негіз құруға ниетті.

«CESCE Қазақстанға испан тауарлары мен қызметтерінің экспортын қаржыландыруды қолдауға ниетті. Ұсынылып отырған жобаларды ҚДБ және CESCE қабылданған критерийлер мен ережелерге сәйкес бағалайтын болады және CESCE қабылданған қағидалар мен рәсімдерге сәйкес әрбір жеке кредит бойынша орнын толтыруды жеке негізде ұсына алады», деп бөлісті CESCE өкілдері.