• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2014

Мүгедектердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасалады

281 рет
көрсетілді

Былтыр «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен 250 мың адам жұмысқа орналасты. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады. «Өткен жылы әлеуметтік дамытудың көптеген базалық көрсеткіштері бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіліп, халықты жұмыспен қамту деңгейі арттырылды. Бүгінгі таңда 95 пайыз еңбек етуге қабілетті қазақстандық азаматтың жұмысы бар, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Осының аясында 250 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Жалақы, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды арттыру бойынша да жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Экономикалық қызметтің түрлері бойынша орташа айлық жалақы 108 640 теңгені құрап, 2012 жылғы деңгейден 7,5 пайызға артты»,- деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова. Ресми дерекке жүгінсек,   4 млн.-ға жуық адам әлеуметтік төлем түрлерін алған. Ал соңғы он жыл ішінде бала туу саны бір жарым есеге өскен екен. Екі жүз мыңдай отбасы 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отыр. Бастысы,мүмкіндігі шектеулі жандардың тыныс-тіршілігі үшін лайықты орта құру шаралары қабылдануда. Әбдірахман Қыдырбек. Дереккөз: Egemen.kz. Фото: Yurist-online.net.