Батыс Қазақстанда шекарадан заңсыз өтпек болған өзбекстандықтар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандары 30 қыркүйекте «Lifan» маркалы көлікпен шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 6 өзбекстандық пен Қазақстанның 1 азаматын ұстады. Олар Ресей Федерациясына өту үшін мемлекеттік шекараның өткізу пунктін айналып өтуді жоспарлаған», делінген таратылған хабарламада.
Ұсталғандарға қатысты құқықтық тәртіптер қабылданбақ.