• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қазан, 2021

Кеме аударылып, 40-тан астам адам жоғалып кетті

937 рет
көрсетілді

Мозамбикте кеме аударылып, 60-тан астам адам суға кеткен, деп жазады Egemen.kz.

Бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша 15.30-да жолаушылар мен тауар тиеген кеме Накала портынан Нампула провинциясының солтүстігіндегі Мемба ауданына аттанған. Кейін кеме аударылып, борттағы 60-тан астам адам суға кеткен. Кейбір мәліметтер бойынша, тек 17 адам ғана жағалауға жетіп, аман қалған. 

Мемба аудандық полициясының қолбасшысы Мануэла Паруланың айтуынша, оқиға орнында медицина қызметкерлері, полиция мен жергілікті басшылар болған. Іздестіру-құтқару топтары зардап шеккендердің санын анықтау үшін іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Болжам бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған», деп жазады ВВС.