Төтенше жағдайлар қызметінің хабарына қарағанда, 20 парашютші мен екі экипаж мүшесі бар L-410 ұшағы Татарстанның Мензелинск қаласында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Ақпарат көзінің мәліметінше, ұшақ Мензелинск қону алаңынан (Татарстан) көтерілгеннен кейін құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 16 адам қаза болды, жетеуі ауруханаға жатқызылды.Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен жеті адамның бірінің жағдайы ауыр екенін айтты.
Бортта барлығы 23 адам болды (оның ішінде экипаждың екі мүшесі).
L410-аймақтық желілерге арналған екі қозғалтқышты ұшақ. Машинаны Чехословакиялық Let компаниясы 1960 жылдардың соңында жасаған. Ұшақты коммерциялық пайдалану 1973 жылы басталды.
Жолаушыларды шығарып, эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.