Сокото уәлаятындағы бір базарға жасалған қарулы шабуылда 35 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда белгісіз қарулы топ Сокото уәлаятына қарасты Сабон Бирни аумағындағы базарлардың біріне басып кірген. Олар айналаға оқ жаудырған.
Қарулы топтың шабуылынан 20 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алды.