• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Өнер 11 Қазан, 2021

Жасмина – жеңімпаз!

292 рет
көрсетілді

«Қазақстан» орталық концерт залында «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының алтыншы маусымы қорытындыланды. Байқауды Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен өткізді. Финалдық концерттік бағдарламалар аясында 14 облыстан және Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген 17 үміткер өз өнерлерін үлкен сахнада паш етті.

7 қазанда «Шетелдік және отандық хиттер» атты кон­церттік бағдарлама өткен болатын. Он­да жас әртістер танымал ком­пози­торлардың әнін орындап, бірегей нөмірлерін ұсынды. Балалардың өнерін эстрадамыздың жас жұл­дыздары бағалады. Олар­дың ішін­де Әли Оқапов, Әйге­рім Рақы­ше­ва (Ayree), Ерден Жақсы­бе­ков, Бейбіт Көшқалиев және Диана Сне­гина бар.

Ал 9 қазан күні байқаудың 5 жыл­ды­ғына және Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығына арналған «Туған күнің­мен, «Бала дауысы!» гала-концерті өтті.

Балалар тәлімгерлермен – өткен жылдардың финалис­терімен бірге авторлық ән ком­­позицияларын орындады. Ал­тыншы маусымның Гран-при иегері – Нұр-Сұлтан қала­сының өнерпазы Жасмина Тү­зелова атанды. Оған Ұлттық Өнер университетінде оқу­ға грант бе­рілді.

Бірінші орын – маңғыс­­таулық Әмина Ас­ғатоваға берілсе, екін­­ші орын – алматылық Юлия Макс пен Қа­рағанды облы­сынан Вик­тор Еме­лья­новқа бұйырды. Қал­ған үш финалист үшінші орын сыйлығына ие болды. Олар – Аты­рау облы­сынан Алтынай Тө­леген, Қы­зылорда облысынан Ма­дияр Серік және Түркістан облысынан Майя Болат.

«Телекөрермендер жүл­десі» аталымында Батыс Қа­зақстан облысынан келген Сан­жар Дәу­кенов же­ңімпаз атан­ды.