• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қазан, 2021

2022 жылы өзгереді. Асқар Мамин жаңа қаулыға қол қойды

1408 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыратын қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» №713 Үкімет Қаулысына қол қойды.

«ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі демалыс күндерін 2022 жылғы 5 наурыздағы сенбіден 2022 жылғы 7 наурыздағы дүйсенбіге; 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстыруға қаулы етеді», делінген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қойған қаулы мәтінінде.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.