Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Министрлер Кабинетінің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің орнынан түсуі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі.
Жарлыққа сәйкес, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің қазіргі құрамы отставкаға кетті.
Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің мүшелері қызметін атқарған адамдар Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыратын болады.
Сонымен қатар Жапаров қол қойған Жарлыққа сәйкес Ұлықбек Мәріпов Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті төрағасының міндетін атқарудан босатылды.
Қырғызстан Республикасының Министрлер Кабинеті төрағасының міндетін атқарушы - Қырғызстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып, Жапаровтың басқа Жарлығына сәйкес Ақылбек Жапаров тағайындалды.