• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қазан, 2021

Шымкенттегі қоқыс полигоны демалыс алаңына айналды

427 рет
көрсетілді

Бұған дейін Шымкент қаласы А-1 тас жолында орналасқан құрылыс қалдықтары полигоны аумағына тұрғындар үшін демалыс орнын салу жоспарланған болатын. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін қала әкімі М. Әйтенов абаттанған нысанды аралап, құрылыстың сапасын бақылады. 

Мердігер мекеме «Кен Тау» ЖШС жоба құны 301,6 млн теңгені құрайтын жобаның құрылысын өз мерзімінде аяқтады.

Бүгінгі таңда жалпы ауданы 4,48 га аумақта демалыс орны алаңдары, жарықтандыру бағаналары, орындықтар, қоқыс  урналары, спорт алаңдары құрылды. Сонымен қатар әртүрлі пішінде кіші сәулет мүсіндері орнатылған. 

Жергілікті тұрғындар қоқыс полигоны аумағының ретке келтіріліп, жасыл желекке айналғанына қуаныштарын жеткізіп, қала әкіміне алғысын білдірді. 

Құрылысы 10 айда аяқталған демалыс орны тұрғындар үшін саялы аумаққа айналып үлгерді. Қаланы жасыл желекке айналдыру және көгалдандыру, демалыс орнын көбейту жұмыстары ұдайы назарда.

Айта кетсек, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Демалыс орындарының саны артып келеді. Олардың барлығына арнайы қызметкерлер күн сайын ерекше күтім жүргізеді.