• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қазан, 2021

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы жаңа маусымға дайындығын бастады

386 рет
көрсетілді

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы елордада оқу-жаттығу жиындарын жалғастыруда, деп хабарлады Egemen.kz.

Ұлттық құрама 2021/2022 жылғы маусымды Бейжіңде әлем кубогінен бастайды. Осыған орай бас бапкер Мәдіғали Қарсыбеков Олимпиада қарсаңында жолдама үшін жанын салатын спортшылар есімін атаған болатын. Жаңа маусымда 12 спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңдеріне қатысып, жолдаманы сарапқа салады.    Елордада өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында бапкер басты мақсат - төртжылдықтың басты додасына жолдама жеңіп алу керек екенін де жасырмады.    «Қазіргі таңда ең бірінші мақсатымыз, жоспарымыз - Олимпиада ойындарына лицензия алу. Лицензияға ие болғаннан кейін Олимпиадаға дайындыққа кірісеміз», деді Мәдіғали Қарсыбеков.   Айта кетерлігі, шорт-трекшілер 16 қазанға дейін ел астанасындағы Алау мұз айдынында дайындығын жалғастырады.