ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференциясында климаттың өзгерісі елдегі бидай шаруашылғына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Орталық Азия өңіріндегі климаттың жылыну жеделдігі алаңдатады әрі шұғыл әрекеттерді қажет етеді. Бұл әсіресе су мен азық-түлік қамсыздығын, қауіпсіздігін сақтау бөлігінде өте маңызды.
Қазақстан жылына 7 млн тоннаға дейін бидай экспорттап, азық-түлік бидайы мен ұн өндірушілердің ірі ондығына кіріп отыр. Алайда жағымсыз сценарий іске асқан жағдайда 2030 жылға қарай бидайдың шығымы 40 пайызға дейін төмендеуі мүмкін», деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, елордада «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференциясы өтіп жатыр.