«Алматы – Маңғыстау» және «Алматы – Өскемен» жолаушылар пойызында әйелдерге арналған вагон бар, деп жазады Egemen.kz.
10 қазанда жолға шыққан рейске 92 әйел билет алған. Ал бүгін Алматыдан Өскеменге аттанған пойыздағы вагонға бар-жоғы жеті әйел билет алған. Ұлттық тасымалдаушы компания өкілдері бұл шара бірінші кезекте қауіпсіздік үшін қолға алынғанын айтады. Бұл пойызбен ер-азамат атаулыдан тек анасымен бірге жеті жасқа дейінгі ұл балалар ғана жүре алады. Егер әйелдерге арналған вагонға сұраныс артса, қосымша вагондар қарастырылмақ.