• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 14 Қазан, 2021

Нұр-Сұлтанның тағы бір ауданы газға қосылды

193 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Оңтүстік-Шығыс ірі тұрғын алабының үйлері газға қосылды. Бұл жеке сектор елордадағы түтіннің негізгі көздерінің бірі болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, бүгінде келесі аудандар газ берумен қамтамасыз етілді: «Промышленный» т/а (Қошқарбаев даңғылынан оңтүстікке қарай толығымен); Момышұлы даңғылы - Абылайхан даңғылы - Қошқарбаев даңғылы - Қордай көшесі шекарасында; 3) Құдайбердіұлы даңғылы - Бурабай – Абылайхан даңғылы - Мұстафин көшесі; 4) Қобыланды батыр көшесі - Лепсі көшесі - Құдайбердіұлы даңғылы - Бурабай көшесі.

«Осы аудандарда тұратын тұрғындар үйді газға қосуға өтінім беру үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға (Республика даңғылы, 24) жүгінуі қажет. Толық ақпарат алу үшін +7(7172)55-89-75, ішкі нөмірлері: 1530, 1527, 1534», делінген әкімдік хабарламасында.

Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабының қалған бөлігі бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, газды іске қосу кезең-кезеңімен бір ай ішінде орындалады. Қазақауыл (Қараөткел) шағын ауданы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

«Бұл біз үшін өте қуанышты оқиға. Кеше үйіміз газға көшірілді. Енді түнімен пешті күзетіп, тексерудің қажеті жоқ. Таңертең қазандықты тексердім, бәрі таза, үй де таза, жылы. Бұрын түнде 3-4 рет пешке көмір салуға тура келетін. Қазір мұның бәрін жасаудың қажеті жоқ», деді Оңтүстік-Шығыс тұрғыны Ерден Омаров.

«Біздің Оңтүстік-Шығыс елді мекенінде тұрғанымызға 20 жыл болды. Пеш жағып, соның түтінімен демалатынбыз. Енді бізге газ келді. Өте қуаныштымыз. Бізге жеңіл болып қана қоймай, экология да жақсарады», деді Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабының тұрғыны Әміржан Болсанбеков.