• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қазан, 2021

Цифрлы жүйе іске қосылады

304 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі, Қазақстан Жоғарғы соты және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы «COVID-19 пандемиясы кезінде сот төрелігіне қол жеткізу» атты дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды.

Жиында Жоғарғы сот судьясы Аслан Түкиев «Қазір азаматтарға ыңғайлы болу үшін «циф­р­лы аналитика» және «істің нәтижесін бол­­жау» сервистерін әзірлеп жатырмыз. Жұ­мыс аяқталуға жақын, 2022 жылы бұл өнім­дер­ді пайдалана аламыз», деді. Оның айтуын­ша, пандемия жағдайында Қазақстанның сот жү­йе­сі істерді қабылдау мен қарауды бір күнге де тоқтатпаған.

«Сот процесін онлайн өткізудің тиім­ділігін сынап көрдік. Көптеген артық­шылықтары бар. Мысалы, заңгерлер мен адвокаттар басқа қалада, тіпті демалыс­та жүрсе де бір күнде 2-3 сот отырысына қатыса ала­ды. Пандемия біздің ғана емес, бүкіл қоғам­ның әдет­тегі өмір салтын өзгертті. Сот жүйе­сіне де әсерін тигізбей қоймады. Алайда ше­тел­дік әріптестерімізге қарағанда, карантин жағ­дайына және туындаған шектеулерге қара­мас­тан, Қа­зақстанда сот төрелігіне қол жеткізу құ­қығы көп жағдайда қамтамасыз етілді. Біз істерді қабылдау мен қарауды бір күнге де тоқтатқан жоқпыз», деді А.Түкиев.

De Factо адвокаттық кеңсесінің басқару­шы ­серіктесі Сергей Сизинцевтің айтуын­­ша, Жо­ғарғы соттың сайты индекс­­­теу, із­деу жү­йе­сі, та­қырыптық бөлімдер, тегтеу жүйесі және жария­ланымдарының бірыңғай базасы бар әмбебап ақпараттық орталық болуы тиіс. «Жал­пы, біз өзге­­рістерге дайын бол­дық. Жаңа жағ­дайда жұмыс тәжірибеміз бар. Бұл қа­шық­тан сот төрелігін жүргізуді одан әрі дамы­ту бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік бе­ре­ді», деді С.Сизинцев.

Жоғарғы сот ұсынған статистикаға сү­йен­сек, 2018 жылы күн сайын 40, 2019 жылы – 110, 2020 жылғы наурызға дейін – 150 онлайн отырыс өтті. Ал 2020 жылғы төтенше жағдай жарияланған алғашқы аптада соттарда күн сайын бір мың іс онлайн форматта қа­рал­ған. Өткен жылдың сәуір айында күн сайын қаралған онлайн-отырыстың саны 4,5 мыңға жетіп, барлық сот отырыстарының 95%-ы бейнебайланыс режімінде, WhatsApp, Skype, Zoom сияқты платформаларды пайдалана отырып өткізілген.