• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Теннис 17 Қазан, 2021

Теннистен Индиан-Уэллс турнирінің финалы: Рыбакина жұптық сында жеңіліп қалды

210 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Е.Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге финалда осы жарыстың 2-ракеткалары, тайбэйлік Се Шувэй – бельгиялық Элиза Мертенспен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда қарсыластар қос-қостан брейк жасап, тай-брейкте тәжірибелі тайбэйлік-бельгиялық жұп әбжілдік танытты – 7:6 (7:1).

Екінші сетте қазақстандық-ресейлік жұп брейкпен алға шыққанымен, қарсыластары сол бойда теңестірді – 2:2. Ақыры олар жеңісті жұлып әкетті – 6:3.

Бір жарым сағаттан аса уақытқа созылған финалдық матчта Е.Рыбакина мен В.Кудерметова 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Жарыс жеңімпаздары 4 эйс, 5 брейкке (10 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Е.Рыбакина жұптық осындай жоғары деңгейдегі доданың алғаш рет финалына дейін жетті.