Түркістан қаласының тұрғындары арасында Ұлттық санақтың сауалнама сұрақтарына онлайн форматта жауап бергенді ыңғайлы көргендер көп.
Облыс аумағында аса белсенділікпен онлайн тіркеліп, көш бастаған – Түркістан қаласының тұрғындары. Алдын ала болжам бойынша шамамен 75 мың адам онлайн тіркелуі мүмкін деп күтілгенімен, нақты 98 114 азамат өз мүмкіндігін пайдаланып, азаматтық белсенділігін танытты.