ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының желідегі ресми парақшаларына фишингтік шабуыл жасалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің басшысы Зарина Нұрланова желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Құрметті Facebook қолданушылары! ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының ресми парақшалары
@primeminister.kaz
@primeminister.kz
@PrimeMinister.int
фишингтік шабуылға байланысты уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта Facebook платформасымен аккаунттарды қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Барлық ақпаратты PrimeMinister.kz сайтыннан және Twitter, Vk, Instagram желілеріндегі ресми аккаунттарынан біле аласыздар», деп жазды З. Нұрланова