• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2014

Жұмыс жүйелі жүруде

259 рет
көрсетілді

Жуырда Табиғи монополия­лар­ды реттеу агенттігінде кеңей­тіл­­ген алқа отырысы өткен-ді. Он­да агент­­тік төрағасы Мұрат Ос­­­па­нов Мемлекет басшысы «Қазақ­стан-2050» Стратегиясында жә­не Қа­­зақстан халқына Жол­да­уын­­­да қой­ған ел дамуының жаңа мін­дет­те­рі экономиканың тиім­ді ин­фра­құ­ры­лымын құру, тұты­ну­шылар құ­қық­тарын қорғау және тарифтік сая­сат тетігін жетіл­діру үшін жағ­­дайлар жа­сауды талап ететіндігін айтқан-ды. Сонымен агент­тік атқарған жә­не атқаруға тиіс іргелі жұмыстар қандай? Бүгінгі күні агенттік инфрақұ­рылымдық реттеуші ретінде 1186 табиғи монополия субъектісі қыз­метіне реттеліп көрсетілетін қызметті тарифтік және техникалық реттеуді жүзеге асыруда. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін қарау жұмысының 2013 жылғы нәтижелеріне келсек, барлығы 1073 өтінім қаралса, олардың 336-сы қабылданбаған. 29 тариф төмен­детіліп, 41-і бұрынғы деңгейде қалған. 478-і көтеріліп бекітілген. Доминант субъектілер тарифтер кө­теруге 129 хабарлама берсе, оның 55-і бойынша бағаларды көтеруге тыйым салынып, оның ішінде 22 тариф төмендетілген. Тарифтер заңнама талаптарына сәйкес бекітіледі. 2012 жылы монополистер сұраған кірістер 55 млрд. теңгеге төмендетілсе, 2013 жылы «олардың сұранысы» 175 млрд.-тан астам теңгеге қысқартылған. Агенттікке берілген тапсырмалар мен жүктелген міндеттерді сапалы орындау үшін тарифтік саясат жетілдірілуде. Шағын және орта бизнес үшін кедергілер төмендетілген. Бірқатар шағын монополистер тарифтерді өзгертудің хабарлама беру нұсқасына көшіріліп, нор­мативтік базаны оңтайландыру жүргізілген. Озық елдердің тәжірибесі бойынша кезең-кезеңмен ынталандырып реттеу енгізілуде. Электр энергиясы саласында өткен жылдан бастап өңірлік электр желілік компаниялар үшін бенчмаркинг әдісімен тарифтер белгіленген. Негізгі қағидат мо­нополист тарифі деңгейінің және оның жұмысы тиімділігінің арасында тікелей байланыстың болуына негізделеді. Заңнаманы жетілдіру бөлігінде тариф белгілеудің ашықтығын, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды күшейту жөнінде заң жобасын әзірлеген. Атап айтқанда, жа­рия тыңдауларды және моно­по­листердің жыл сайынғы есептерін өткізу, доминанттардың электрмен жабдықтау жөніндегі хабарламалары бойынша жария тыңдаулар өткізу тәсілдерін өзгерту көзделіп отыр. Сондай-ақ, заң жобасында монополистердің өтінімді электронды форматта ұсыну мүмкіндігі, ал болашақта осы талапты қою мүмкіндігі көзделген. Сумен жабдықтау саласында проблемаларды шешу бойынша жұмыс жүргізілуде, кең ауқымды жаңғырту мен реконструкциялау үшін суға тариф белгілеудің жаңа тетіктерін енгізудің 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жос­­пары қабылданып, іске асырылуда. Бүгінгі таңда Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шы­­ғыс Қазақстан, Батыс Қазақ­стан, Аты­­рау және Жамбыл облыстарында  кең ауқымды жаңғырту жұмысы басталған. 2013 жылы инвестициялардың жалпы сомасы 12 млрд. теңгені құра­са, 2014 жылы шамамен 32 млрд. теңге деп жоспар­лануда. Со­нымен қатар, қарыз қаражатын, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығын жаң­­ғырту бағдарла­масының ресурс­та­рын пайдала­ну арқылы жылу же­лілерін жаң­ғырту бойынша кешенді жоспар әзірленуде. Аталған жос­пар мақұлданып, іске асырылған жағ­дайда 2020 жылға дейін то­зудың 15 пайызға, ал ысыраптар дең­гейінің 4 пайызға төмендеуі жоспарланған. 2013 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар сомасы шамамен 230 млрд. теңгені құраса, бұл өткен кезеңнен 10 пайызға артық. Бүгінгі күні 92 табиғи монополия субъектісі шекті тарифтермен жұмыс істейді, бұл тұтынушылар үшін тарифтердің тұрақтылығы мен болжамдылығын, қызметтер сапасын көтеруді қамтамасыз етеді. Агенттік қызметіндегі басты бағыттардың бірі тұтынушылардың мүдделерін қорғау болып табы­лады. Сонымен бірге алға қой­ған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін монополистерді ба­қы­лау күшейтілген. Былтыр тұтыну­шылардың құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында 1198 нұсқама енгізілсе, әкімшілік айыппұл мен нұсқамалар бойынша жалпы сома 3,3 млрд. теңгені құраған. Тарифтік сметада көзделген қаражатты пайдалануды бақылау мақсатында тұтынушыларға келтірілген залалдарды өтеу үшін жыл басынан бері 185 субъектіге уақытша өтемдік  тариф енгізген. Тұтынушыларға қайтарылған жалпы сома 2,8 млрд. теңге болған. Жылу энергиясын тұтынушы­лардың мүдделерін қорғауды қам­та­масыз ету мақсатында сыртқы ауа температурасының өзгеруі нәтижесінде жылу энергиясына төлемақыны қайта есептеу тұрақты негізде жүргізіледі. 2012-2013 жылдары жылыту кезеңі үшін халыққа қайтарылған қаражат 498 млн. теңгеден асқан. Электр энергиясы нарығында делдалдар толығымен алынып тас­талса, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясы туралы заңнаманы бұзғаны үшін 2,2 млрд. теңге айыппұл салынған. Бұл бағытта жұмыс жалғасын тауып, қоғамдық мониторинг жүйесі қолданылмақ. Энергия тиімділігін арттыру мен реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуда нақты нәтижелерге қол жеткізілген. Бұл жағдайда энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігі бойынша шараларды қабылдау тұтынушылар үшін тарифтердің өсуін тежеуге мүмкіндік бермек. Жалпы ал­ғанда, 2012 жылы бұл шаралар тұтынушылардың 11,6 млрд. тең­геден аса қаражатын үнемдеуге мүм­кіндік берген. Жөндеу жұмыстары мен жабдықтарды жаңарту, ұйым­дастыру шаралары нәтижесінде жылу энергиясы өндірісінде отын шығыстары едәуір төмендеді. Соңғы 10 жылда статистика мә­ліметтері бойынша оның дең­гейі 2 еседен астам азайған. Сондай-ақ, электр, жылу және сумен жабдықтау желілерінде нормативтік ысыраптар деңгей­лерінің жыл са­йынғы төмендеуі байқалады. 2006 жылдан бастап олардың деңгейлері іс жүзінде шамамен жартылай төмендеген. Ыстық және суық суды есептеу аспаптарын орнату бойынша судың жеке есептеу аспаптарымен жабдықталуы шамамен 85, ыстық су  88,3 пайызды құраған. Биылғы жылы ведомство алдында тұтынушылардың мүдделерін қамтамасыз ету, тариф белгілеудің ашықтығы, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау сынды міндеттер тұр. Сонымен қатар, тарифтік процесте жұртшылықтың рөлін және табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағ­дарламаларды орындауына бақы­лауды күшейту, «жасыл эко­номикаға» көшуге ықпал ету, ысыраптар деңгейі мен желілердің тозуын төмендетуді қамтамасыз ету де агенттіктің басты жұмыстары қатарынан орын алмақ. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».