• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қазан, 2021

Қазақ-орыс шекарасында ПТР анықтамасы жоқ 4 шетелдік елге кіргізілмеді

251 рет
көрсетілді

Тәулік ішінде шекарадан 674 адам өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Соңғы тәулікте шекарадан 674 адам өткен, соның ішінде 409-ы - жаяу азамат, ал 286 адам – фура жүргізушілері. Карантин стационарына бес қазақстандық азамат жатқызылған, көлік өткелдерінде коронавирус инфекциясының расталған оқиғалары тіркелген жоқ», деп хабарлады Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен.

Сонымен қатар, тәулік ішінде ТМД-ның төрт азаматына: бір ресейлік, екі өзбекстандық және бір қырғызстандық азаматқа елге кіруге рұқсат етілмеген. Олар мемлекеттік шекарада ПТР анықтамасын ұсынбаған, осы себепті елге кіргізілмеді.

Еске сала кетсек, өткен аптада Қазақстанға Павлодар облысындағы мемлекеттік шекарадан осы себеппен Ресейдің екі азаматы мен бір өзбекстандық жіберілмеген.