• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Қазан, 2021

Тоғжанов вакцинация қарқынын кешіктірген басшыларға шара қолдануды ұсынды

1141 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов вакцинация қарқынын кешіктірген әкімдердің орынбасарларына тәртіптік шара қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«1 қыркүйектен бері вакциналау жоспарының ең төменгі орындалуы 10-13 пайыз көлемінде Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау, Қостанай облыстарында байқалып отыр. Ведомствоаралық комиссия отырыстарында өңірлерге вакцинация қарқынын жеделдету туралы бірнеше мәрте тапсырма берілген болатын. Бірақ ол тапсырма қажетті деңгейде орындалып жатқан жоқ», деген Үкімет басшысының орынбасары әкімдіктердің жауапкершлігін күшейтетін нақты шараларды ұсынды.

«Осыған байланысты өңір әкімдеріне вакцинацияны ұйымдастару бойынша Шығыс Қазақстан облысының үлгісімен түбегейлі шешімдер қабылдау керек деп есептейміз. Вакцинация жоспарының орындалмағаны үшін әкімдік басшыларының жеке басымен жауапты екенін бекіту қажет. Егер вациналау бойынша оң динамика байқалмаса, осы саланы үйлестіретін әкімдердің орынбасараларына тәртіптік сипаттағы шара қолданған жөн деп есептейміз», деді Ералы Тоғжанов.