Осы сейсенбіде Израильде әуе шары экипажының бір мүшесі қайтыс болды. Ер адам шардан жолда келе жатқан көлікке құлаған, деп жазады Egemen.kz.
Бұл оқиға елдің солтүстігіндегі Афула қаласының жанындағы тас жолда болған.
Жергілікті полицияның мәліметінше, қайтыс болған аэронавт Йогев Коэн шар ұшып бара жатқанда себетке отыра алмай қалған.
Экипаждың қалған мүшелері төтенше жағдайды тым кеш байқады және ұшуды уақытында тоқтата алмады. Салдарынан 28 жастағы жігіт 100 метр биіктен төмендегі көлікке құлады.