• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қазан, 2021

Үндістанда су тасқынынан 40-тан астам тұрғын қаза тапты

481 рет
көрсетілді

Үндістанда су тасқыны мен қатты көшкін салдарынан 40-тан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлім етті.

Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында 46 адам қайтыс болды, 11 адам жоғалып кетті. Сенбіде су тасқыны басталған Оңтүстік Керала штатында қаза тапқандар саны 39-ға жетті.

Зардап шеккен аудандарда түсірілген фотосуреттер мен видеоларда су басқан жолдар мен ауылдар көрінеді.

«Су тасқынына байланысты көп мөлшерде шығын келді, дақылдарға зиян келді. Жергілікті тұрғындар көп проблемаға тап болды, жолдарды су басқан, көпірлерді су шайған. Мүмкіндігінше жағдайды тезірек қалыпқа келтіруге тырысамыз», деді Уттаракхандтың Бас министрі Пушкар Сингх Дхами.

Штат билігі мектептердің жабылғанын хабарлады және діни, туристік қызметке тыйым салды.

Үндістанның метеорологиялық басқармасы қауіпті ауа-райын ескертіп, қатты нөсер болуы мүмкін екенін хабарлады.