• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Қазан, 2021

Қазақстанда несие берудің ең жоғары сомасы бекітіледі

870 рет
көрсетілді

Қазақстанда баспана сатып алуға берілетін несиенің бірыңғай ең жоғары сомасы бекітіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұндай өзгеріс таяуда Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоспарында көзделген. Аталған жобаның бір бағыты «Жайлы тұрғын үй» міндетін шешуге бағытталған.

Жобаның жүзеге асырылуына жауапты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауына сәйкес, жүзеге асырылатын жеңілдікті ипотекалық бағдарламалардың бірыңғай шарты қарастырылатындығын атап өтеді.

«Бұл үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес тұжырымдама қабылданғаннан кейін бекітілетін ережені әзірлеу жоспарланып отыр. Кредит берудің бірыңғай ең жоғары сомасы 15-18 млн теңге шегінде, алдын ала тұрғын үй заемінің ең төменгі жарнасы 10 пайыз мөлшерінде айқындалатын болады. Жеңілдік бағдарламасына қатысушылар тізімі кеңейтіліп, ең төменгі күнкөрістің шекті мөлшері ұлғайтылады», деп атап өтеді ведомстводан.