Қазақстанның Ішкі істер министрі ЕҚЫҰ ДИАҚБ директоры Маттео Мекаччимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Маттео Мекаччидің Нұр-Сұлтан қаласына сапары аясында өтті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмау үшін полицияның барлық қызметтік орындарында және пенитенциарлық мекемелерде бейнекамералар орнату жұмыстары басталғаны атап өтілді. Ерлан Тұрғымбаев ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, «ІІМ адам саудасына, киберқылмысқа, заңсыз көші-қонға, есірткі бизнесіне қарсы күрес, сондай-ақ адам құқықтарын сақтау бойынша ЕҚЫҰ аясында өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысатынын» хабарлады.