Куәгерлердің айтуынша, құрбандар бар, деп хабарлайды Egemen.kz Aamaj News-ке сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, төтенше жағдай 20 қазан сәрсенбіде астананың Дехмазанг ауданында шекара полициясының штаб-пәтері ғимаратына қарама-қарсы жерде болған.
Жарылыстың себептері анықталуда. Әзірге оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.