• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қазан, 2021

Теннис: Недовесов Антверпен турнирінің жартылай финалына шықты

123 рет
көрсетілді

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Антверпен ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

А.Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге әуелі даниялық Фредерик Нильсен - хорватиялық Матей Шабановпен кездесті. Қазақстандық-украиналық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін ширек финалда аргентиналық Федерико Дельбонис - испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен кортқа шықты. Бірінші партияда Недовесов пен Молчанов басымдылық көрсетті - 6:3. Содан кейін аргентиналық-испаниялық жұп матчты жалғастырудан бас тартты. А.Недовесов пен Д.Молчанов финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, франциялықтар Николя Маю - Фабрис Мартенмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Мәскеу турнирінің екінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.