• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Қазан, 2021

Шорт-трек: Әділ Шаяхметов Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды

501 рет
көрсетілді

Қазақстан жаңа маусымның шорт-трегі бойынша Әлем Кубогында алғашқы медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыстың үшінші күні «А» финалында 1500 метр қашықтықта Әділ Шаяхметов сәтті өнер көрсетіп, көзге түсті.

Қазақстандық спортшы 2:18:680 нәтижесімен екінші орын алып, жарыс жеңімпазы тәжірибелі ресейлік Семен Елистратовтан сәл артта қалды. Қытайлық А.Н.Кайға қола медаль бұйырды.