• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қазан, 2021

БҚО-да полицияға пара берген тұрғын ұсталды

385 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданының тұрғыны полиция қызметкеріне пара бергені үшін ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин мәлім еткендей, Дариян ауылында П. есімді күдіктіге жалған құжаттар дайындамақ болғаны үшін айып тағылған.

ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін аталмыш тұрғын Приурал полиция бөлімі тергеу бөлімінің бастығына келіп, 300 мың теңге және 50 АҚШ доллары көлемінде пара ұсынған.

«Пара беру дерегі полиция қызметкерлерінің барлық кабинеттерінде орнатылған бейнебақылау камераларымен тіркелген. Тергеу бөлімінің бастығы оқиға туралы дереу хабарлап, пара берушіні ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК 367-бабы «Пара беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деді Б.Нұрғожин.