• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қазан, 2021

Террористер басып алды: Өскемен тұрғыны жалған ақпарат таратты

415 рет
көрсетілді

Өскеменде алкогольді ішімдікке масайған тұрғын полицияға терроризм актісі туралы жалған хабар берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметі мәлім еткендей, «102» жедел арнасына жергілікті тұрғын қоңырау шалып, шаһардағы ғимараттардың бірін террористер басып алғанын жеткізді.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары жөнелтілді. Алайда бұл хабар жалған болып шықты.

Полиция қызметкерлері қоңырау шалған адамды анықтауға кірісті. Ол Өскеменнің 35 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Ер адам мас болғандықтан және өзіне назар аударту үшін қоңырау шалғанын айтты. Оған қатысты арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша іс қозғалып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», деп түсідірді басқарма бастығы Андрей Мула.