• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Коронавирус 26 Қазан, 2021

Алексей Цой шетелдік вакциналардың құнын айтты

217 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ақылы вакцинацияның қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дәл айта алмаймын, өйткені бұл коммерциялық сегмент. Бірақ вакциналар қымбат емес. Егер біз басқа вакциналар бойынша қарайтын болсақ, олар әр түрлі шектерде - 2-ден 5 мың теңгеге дейін ауытқиды. Сондықтан мұнда коммерциялық сегментте қандай бағамен сатып алынатынына байланысты қарау керек болады», деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы үкімет аясында.

Оның айтуынша, негізгі дистрибьюторлар келесі жылдан бастап нарықта қолжетімді болатын қосымша вакцинаның жеткізілуін іске қосу үшін хабардар етілген, осы мәселе пысықталып жатыр.