• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2021

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған алты адам сыйақы алды

634 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың 9 айында облыста сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәлімдеген 6 адам 1 миллион теңге көлемінде сыйақы алды. Бұл туралы «Antikor» орталығында өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қол ұшын беретін адамдарды көтермелеу тәжірибесі кеңінен таралуда.

Сыбайлас жемқорлықпен күреске ат салысып, марапатталғандардың бірі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сенім телефоны «1424» нөмірі бойынша жүгінді.

Айта кету керек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы ҚР Заңына сәйкес осындай жағдайлар туралы хабарлаған адам сыйақымен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады.