Полиция қызметкерлерінің де басы дауға қалады. Атырауда күш қолданған екі полицей қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Атырау қалалық прокуратурасы мәлімдеді. Полиция басқармасының көші-қон бөлімінің қызметкерлері бизнес субъектілерінің қызметіне заңды негіздерсіз тексеріс жүргізген. Полицейлер «Дина» сауда базарынан Өзбекстанның бірнеше азаматын күшпен алып кеткен. Олар Атырау қаласының прокуратурасына шағыммен жүгінген.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 361 - бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады қалалық прокуратура.