• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 27 Қазан, 2021

Қазақстанның көміртекті бейтараптыққа көшуіне қанша қаржы бөлінеді?

249 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ОКҚ брифингінде көмірқышқыл газының шығарындыларын нөлге дейін азайту үшін қанша қаражат қажет болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серікқали Брекешев экономиканы декарбонизациялау жөніндегі шараларды іске асыру отын-энергетикалық кешенде қайта құруға әкелетінін атап өтті.

Мәселен, егер 2017 жылы отын-энергетикалық себет 54% - көмірден, 24% - мұнайдан және 22% - газдан тұрса, онда экологтардың болжамдары бойынша 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу доктринасын іске асыру шеңберінде бастапқы отын-энергетикалық ресурстар құрылымындағы қазба энергия ресурстарының үлесі 3,4 есе қысқарып, 29%-ды құрайды, ал ЖЭК үлесі ағымдағы 3 пайыздан 70%-ға дейін өседі.

«Есептеулер көрсеткендей, көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін 40 жыл ішінде төмен көміртекті технологияларға шамамен 650 млрд доллар инвестициялау қажет. 40 жыл ішінде инвестицияның ең көп көлемін талап ететін секторлар – бұл электр және жылу энергиясын өндіру 305 млрд доллар, көлік 167 млрд доллар, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі 65 млрд доллар, ТКШ 57 млрд доллар, ауыл шаруашылығы 49 млрд доллар», деп түсіндірді министр.

Брекешев қаржыландыру көздері туралы мәселеге түсініктеме берді.

«Декарбонизация үшін қажетті инвестицияларға келетін болсақ, мұнда барлық нұсқалар қарастырылған. Осыдан бір ай бұрын АҚШ президентінің климаттың өзгеруі жөніндегі елшісі Джон Керридің қатысуымен өткен С5+1 жиналысында американдық банктер декарбонизацияға байланысты жобаларға қаржы құюға дайын екенін айтты және бұл соманы - шамамен 4-5 трлн доллар деп атады», деді ол.