Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалында Тараздың қала аттас командасын қабылдаған Қарағандының «Шахтері» қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Екі ұжым арасындағы бірінші ойын 0:0 есебімен аяқталған болатын. Түзде тең нәтижеге «тәубе» деп қайтқан «Шахтер» өз алаңында «Таразды» 3:1 есебімен жеңді. Енді қарағандылықтар жартылай финалда Қостанайдың «Тобылымен» кездеседі.