• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Қазан, 2021

Сенатор туризмді дамыту үшін теңіз вокзалын салуды ұсынды

165 рет
көрсетілді

Сенатор Нариман Төреғалиев «Қазақстандық ішкі туризмді дамыту - уақыт талабы» тақырыбындағы парламенттік тыңдауға дайындық аясында және Маңғыстау облысына сапар қорытындысы бойынша Премьер-министр Асқар Маминнің атына өңірдегі туризмді дамыту туралы депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.

Сенатор Маңғыстау облысының туристік аймақтарында 1100 шақырымнан астам жолды күрделі жөндеу және қайта жаңарту қажет екенін атап өтті.  Сонымен қатар, өңірде құрғақ жүктер мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған «Ақтау теңіз сауда порты» және «Құрық» порттары бар. Олардың екеуі де ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Алайда, олар тек жүк тасымалдау бағытына арналған. Ал жолаушы кемелерін қабылдаудың мүмкіндіктері қарастырылмаған.

«Өңірде туризмді одан әрі дамытуға серпін беру үшін жолаушылар теңіз вокзалын салу қажет. Жалпы, теңіз вокзалының салынуы туризммен бірге, өңірдің экономикасына жаңа серпін беретіні сөзсіз», деді сенатор Нариман Төреғалиев.