Бельгияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ боксшылары ойдағыдай нәтижелерімен қуантып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
92 кило салмақ дәрежесінде рингке көтерілген Айбек Оралбай жігіттердің жеңісті жорығын жалғастырды. Польшалық Матеуш Березницкиймен қолғап түйістірген қазақ оғланы шеберлігінің мол екенін байқатып, қарсыласынан айласын асырды.