• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2014

Әскери атташелермен кездесу

419 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігінде Қазақстанда тіркелген шетелдік мемлекеттердің әскери атташелерімен кездесу болды. Іс-шара 2014 жылға арналған әскери-дипломатиялық корпуспен жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілді. Кездесуде шетелдік әскери өкілдер Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ағымдағы қызметімен танысты. Қорғаныс министрлігі барлық мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарымен конструктивті қарым-қатынас қалыптастыруға ұмтылып келеді. Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту және біліктілігі жоғары әскери мамандар даярлау саласында қарқынды ынтымақтастық жасауға ерекше назар аударылады. – Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі үшін Қазақстандағы өндірісті дамыту басымдыққа ие. Біз Эйрбас, Еурокоптер сияқты ірі әскери техника өндіруші компания­лармен ынтымақтастық жасаймыз, Еуропа және Түркия компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құрылды. Қазақстан Қорғаныс министрлігі армияны әскери-техникалық жарақтандыруға үлкен көңіл бөліп отыр, – деп шетелдің әскери өкілдерімен кездескен Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайымов атап өтті. Әскери атташелермен кездесуде Қорғаныс министрлігінің офицерлері баяндама жасады, олар халықаралық әскери ын­ты­мақтастық саласындағы жұмыс туралы әңгімелеп, қонақ­тар­ды кәсіби негіздегі армия жасақ­тау тұжырымдамасымен таныс­тырды. Бұдан басқа, кездесу барысында Қорғаныс министрлігі 2014 жылға жоспарлап отырған іс-шаралар талқыланды. Биылға жоспарланған Қазақстан Қарулы Күштеріндегі ірі оқиғалардың бірі – «КАDЕХ-2014» ІІІ халықаралық көрмесінің өткізілуі. Іс-шараға даярлық туралы әңгімелеген Әскери-техникалық саясат де­пар­­таментінің бастығы, генерал-майор Талғат Жанжүменов Қор­­ғаныс министрінің атынан әс­ке­ри делегацияларды мамыр айы­ның соңына қарай Астана қа­ла­сында өтетін қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көр­ме­сіне қатысуға шақырды. «КАDЕХ-2014» шеңберінде қаты­су­шылар қорғаныс-өнеркә­сіптік компаниялардың жаңа­лық­тарымен танысып қана қоймай, оларға іскерлік келіссөздер жүр­гізу алаңы ұсынылатын болады. «Егемен-ақпарат».