Жақында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мәңгілік Ел» Жастар қозғалысының 1-ші республикалық слеті өтті. Жастар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясынан рух алып, Мемлекет басшысының ұсынысын қолдау үшін Жастар қозғалысын құру туралы бастама көтерді. Бұл іс-шараға еліміздің 30 жоғары оқу орнынан 700-ге жуық делегат қатысты.
Қозғалыстың басты мақсаты – теңдік пен бостандық туралы халқымыздың армандарына, ұлттық бірлік пен толеранттылыққа негізделген Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің дамуы мен қалыптасуына бағытталған Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың саяси бағытын қолдау және Қазақстан жастарын ұлттық идея төңірегіне біріктіру.
Слет жұмысында «Мәңгілік Ел» Жастар қозғалысының 1-ші республикалық слетіне қатысушылардың манифесі мен қарары қабылданды.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.