Нью-Йорктегі әйгілі «Madison Square Garden» аренасында өткен бокс кешіндегі жекпе-жектердің бірінде бес нокдаун тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеңіл салмақтағы мықты саналған боксшылардың бірі, Пуэрто-Рико үміті Карлос Карабальо филиппиндік Джонас Султанмен қолғап түйістірді. Шайқас барысында фаворит саналған Карлос Карабальо төрт мәрте ринг төріне отыра кетсе, Джонас Султан бір рет нокдаунға түсті.
10 раундқа созылған жекпе-жек қорытындысында Джонас Султан ұпай санымен жеңіске жетті.