• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Бокс 01 Қараша, 2021

ӘЧ: Үшінші қазақ боксшысы додамен қоштасты

344 рет
көрсетілді

Бокстан Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші қазақ боксшысы жеңілістің кермек дәмін татты, деп хабарлайды Egemen.kz.

92 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Айбек Оралбай 1\8 финалдық кезеңде Өзбекстан намысын қорғаған этникалық қазақ Мадияр Саидрахимовке қарсы шаршы алаңға көтерілді. Екі елдің атынан додаға қатысқан қазақ жігіттері арасындағы жекпе-жек тартысты әрі тең жағдайда өрбіді. Бірінші үш минуттықта Айбек Мадиярды нокдаунға жіберсе, келесі раундта Мадияр есесін қайтарды. Үшінші раундта өзбекстандық боксшы басымдық танытып, ширек финалға жолдама алды.

Айбек Оралбай – әлем чемпионатымен қоштасқан үшінші қазақ боксшысы. Оған дейін аса ауыр салмақтағы Нұрлан Сапарбай мен 86 кило салмақтағы Бек Нұрмағанбет елге қайтқан болатын.