• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 01 Қараша, 2021

Бағалаудың білім беру сапасындағы рөлі

3538 рет
көрсетілді

Назарбаев зияткерлік мектептерінің «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасы аясында Педагогикалық өлшемдер орталығы өткізген дөңгелек үстелге еліміздің түкпір-түкпірінен мыңға жуық мұғалім қатысты.

Кездесу бағалау процесі туралы пе­дагогтердің өзекті сауалдамасынан бас­талды. Алғашқы нәтижелер мұға­лім­дердің басым көпшілігі бағалау білім берудің нақты сапасын көрсетеді деген сенімін айқындады. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова сапалы әрі нақты баға оқушының дамуына, өзінің күшті немесе әлсіз тұстарын түсінуге, сондай-ақ мамандық таңдауға және жалпы болашағын анықтауға әсер ететінін атап өтті.

– Бағалау оқу материалының қан­ша­лықты сәтті игерілгенін, қалып­тас­қан білімнің деңгейі мен тереңдігін анық­тау­ға мүмкіндік береді: түсініктеме бер­ді, өлең жаттады, диктант жазды, есеп шығарды және т.б. Ол сондай-ақ дағ­дылар мен құзыреттердің күрделі жү­йесін, соның ішінде деректерді талдау және интерпретациялау, ақпаратты экстраполяциялау, өнімді жасақтау, кері байланысты үздіксіз бақылауға әсер етеді, – деген Күләш Шәмшидинова ба­ғ­­алау жүйесінің негізі объективті, үз­діксіз және сенімді ақпарат беру еке­нін атап өтті. Мәселен, оқушыларға – оқыту сапасы, мұғалімдерге – оқушылардың үлгерімі, ата-аналарға – оқу нәтижелеріне жету дәрежесі және басқару органдарына – көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттарды жеткізу.

– Бағалау «Мен және тұжырымдама» ұғы­мының қалыптасуына, яғни оқу­шы­ның өзі туралы түсінігіне әсер етеді. Мұ­ғалімнің бағалауы, сыныптастар мен ата-ананың реакциясы өзін өзі бағалау деңгейін арттырады. Оқу­шы­ның бағалаудағы «Мен» ұғымына қана­ғат­тан­уы өзінің жеке маңыздылығы мен әл-күшін, барабарлығы мен пайдалылығын сезінуге, сондай-ақ осы дүниеге өзінің қажет екенін түсінуге ықпал етеді және сонымен қатар табыс не­месе сәтсіздік тәжірибесі арқылы жауап­кершілікті, білімқұмарлықты және төзім­ділікті қа­лып­тастырады, – деді ол.

Күләш Ноғатайқызының тұжы­рым­­дары «Білім – 2030» жаһандық жо­басы шеңберінде Экономикалық ын­ты­мақ­тас­тық және даму ұйымының зерттеу нәтижелерімен бекітілді. Жо­ба­ның ұлт­тық үйлестірушісі – NIS. Ба­ға­лаудың дәс­түрлі модельдері өзгеріс үстінде, ал жаңа қалыпты жағдайда оқу­шы­лар өз­де­рі­нің оқу процесін жақ­сар­туға белсене қатысып келеді.

Педагогикалық өлшеулер орталы­ғы­ның директоры Айдана Шилибекова дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын мұғалімдер үшін ішкі және сыртқы бағалау нәтижелерінің келісімділігін қадағалаудың маңызды екеніне аударды, бұл білім беру сапасын қамтамасыз етеді.

– Сыртқы бағалаудың күшті жүйесі қо­ғамдық сенімді оята алады. Бүгінгі таң­да Қазақстанда Дүниежүзілік банк­­тің қолдауымен «Оқушыларды баға­лау жүйесін жаңартылған білім беру мазмұнымен сәйкестендіру» бағы­ты бойынша «Орта білім беруді жаң­ғыр­ту» кешенді жобасы іске асы­ры­лу­да. Cambridge Assessment пен NIS-тің бұл жоба аясындағы әріп­тес­тік бай­ла­ны­сының мақсаты – орта білім беру жүйесін дамытудағы халық­ара­лық тә­жірибе мен қазақстандық же­тіс­тік­тер­­дің бірігуі. Жобаның негізгі са­рап­шы­ла­рының бірі Анна Грин халық­ара­лық бағалау стандарттары және оларға қалай сәйкес келу керектігі туралы ақ­па­ратпен бөлісті.

– Лайықты бағалау – жақсы білім берудің темірқазығы. Біз емтихандарды әзірлеу барысында оқушылардың бойына сіңіргіміз келетін дүниелерді басты назарға аламыз. Бұл – пәнді тереңінен меңгеру, концептуалды түсінік және жоғары деңгейлі ойлау дағдылары. Біздің бағалауымыз оқушыларды үлге­рі­мі бойынша тиімді саралауға мүм­кіндік береді. Біз оны әділ, валидті, сенімді және іс жүзінде мүмкін болатындай етіп өткі­земіз, – деп атап өтті Анна Грин.

Cambridge Assessment сарапшысы Кембридж университетінің бағалауында көрсетілген пәнді тереңдетіп оқытудың шынайы құндылығын түсіну маңызды екеніне сенімді екенін жеткізді.

– Ең тиімді білім беру жүйелерінде оқу бағдарламасы ауқымды және тайыз емес, керісінше қарқындылыққа бейім және танымдық сұраныстың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Ол сондай-ақ салалық бағытты да қамтиды. Онда сапалы, егжей-тегжейлі және дәйекті түрде оқытатын бірнеше ғана пән бар.

Дөңгелек үстелдің басында сауал­да­мадан өткен қатысушылардың ба­сым көпшілігі стандарттарға сәй­кес­тік мәселесі мектептерді бағалау дең­гейінде де қарастырылуы керек деген пікірмен келісті. «Назарбаев зият­кер­лік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымының орынбасары Ольга Мо­жа­е­ваның баяндамасы халықаралық дең­гейдегі мектеп қызметін бағалау тәсіл­де­рінің бірі – аккредиттеуге негізделді. Спикер халықаралық аккредиттеу про­це­сінде мектептердің ішкі өзін өзі ба­ғалауын ерекше маңызды кезең деп атады. NIS мысалында Ольга Ивановна орта білім беру ұйымдары үшін өзін өзі бағалаудың маңызын талдады.

– Жалпы білім беретін мектептер зияткерлік мектептердің өзін өзі талдау және өзін өзі бағалау тәжірибесін қол­даныстағы стандарттарға сәйкес өзде­рінің күшті және әлсіз жақтарын түсіну мен дамыту бойынша нақты шараларды жоспарлау үшін пайдалана алады. NIS әрбір мүдделі мектепке консультациялық, әдістемелік және әдіснамалық қолдау көрсетуге дайын, – деп қорытындылады О.Можаева.

Ольга Ивановна Назарбаев зият­кер­лік мектептерін мысалға ала отырып, сарапшылардың ұсыныстары мек­теп­тер­дегі ішкі экожүйені жақсартуға қалай көмектескенін көрсетті.

– NIS аккредиттеуінің бірінші циклі­нің командалық сапарларында оқу­шы­ларды қолдау үшін сараланған оқыту стратегияларын көбірек қолдану ұсы­нылды. Педагогикалық шеберлік орта­лы­ғында семинар-тренингтер мен вебинарлар өткізілді, онда мұғалімдер «жа­қын даму аймағына» назар аудара оты­рып, әр баланы оның мүмкіндігі мен қабілеті деңгейінде оқытудың әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Білім беру бағдарламалары орталығы жыл сайын оқу-әдістемелік хатында оқушылардың іс-әрекеті мен оқу үдерісін саралау мысалдарымен саралап оқыту әдіс­те­рі бойынша бөлімдерді қосады. Мұға­лім­дерге сараланған тәсілдер не­гізінде мектепішілік іс-шаралар ұйым­дас­ты­ры­лады. Тәрбиешілер өз кезегінде бір-бірімен тәжірибе бөліседі.

Мұғалімдердің алдында тұрған не­гізгі міндеттердің бірі – бағалауды оқу процесіне кедергі келтірмейтін жүйе ретінде қалыптастырып, жақсарту. Бұл пікірді Назарбаев университетінің профессоры Мэтью Кортни ұстанады.

– Көбінесе әрбір тестілеуден кейін оқушылар жай ғана баға алады, ал мұға­лім­­дердің әділ немесе әділетсіз екені сыныптағы жақсы бағалардың санына қарай бағаланады. Дегенмен бағалау деректерінен үйренетін көп нәрсе бар. Біз оларды оқуды жеңілдету үшін пайдалана аламыз. Мысалы, тест пен ондағы сұрақтардың сәйкестігін тексеріп, әрбір оқушының не үйренгеніне байланыс­­­ты Выготский бойынша жақын даму аймағын анықтап, белгілі бір пәндік салада оқытудың қалай жүретіні туралы түсінігімізді тереңдете аламыз.

Педагогикалық өлшеулер орталығы директорының орынбасары Сәуле Вильданова шетелдік сарапшының ой-пікірін жалғастыра отырып, мұғалімдер практикасының бағалау әдіснамасына жан-жақты тоқталды. Сәуле Аифовна бағалау оқушыларға ғана емес, сондақ-ақ педагогке де байланысты екені тура­лы айтты – кез келген оқушы түсі­нік­ті әрі қызықты сабақ бере алатын мұға­лімнің дәрісіне қатысып, әділ баға ал­ғы­­сы келеді, себебі бұл үрдіс жоғары нә­тиже әкелетіні сөзсіз.

– Мұғалім шеберлігінің негізгі көр­сет­кіші – сарапшылардың зерттеулері бойынша мұғалімнің кәсіби шеберлігі туралы ең объективті ақпарат көзі болып саналатын сабақ болып саналады. Сондықтан мұғалімді бағалау жүйесі бақылау, кері байланыс, сабақты ой елегінен өткізуге негізделген. Мұғалім жыл сайын тәжірибені ой елегінен өткізіп, оқуда нені жақсарту керектігін анықтау негізінде кәсіби даму мақсатын қояды. Сабақта мақсатқа жету жүйелі, жинақы түрде байқалады. Рефлексия сабақтың сәтті өтуін бағалауға және тә­жі­ри­бені дамыту үшін алдағы әрекет­тер­ді жоспарлауға мүмкіндік береді, – деді Сәуле Вильданова.

Ақын Мағжан Жұмабаев өскелең ұр­пақты оқыту мен тәрбиелеуде көп­ға­сырлық салт-дәстүрлерді және халық­тың педагогикалық мұрасын пайдалануды ерекше атап өткені белгілі. Өз еңбектерінде ол бүгінде енгізілген кри­териалды тәсілге сәйкес келетін ба­ға­лауды дұрыс түсіну туралы идеяны бірнеше рет көрсеткен. Тәрбиелік аспект мұғалімнің сабақтағы қызметі ар­қылы көрінеді. Әдеби шығармалар мен математиканы біріктіретін қызықты тапсырмалар әзірлеу тәжірибесімен NIS-тің математика пәні мұғалімі Анар Баймурзаева бөлісті, ал өзін өзі бағалау және кері байланыс арқылы оқу материалын терең меңгеруге ықпал ететін бағалау туралы мысалды елордалық №48 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлшат Капшаева ұсынды.

Педагогтердің бағалауға қатысты ойла­рын мектептегі бағалау туралы пі­кір­­­лерін бөліскен оқушылар үні бөл­ді. Айта кету керек, оқушылардың көз­қа­расы әр алуан – бірі бағалау не істеу қажетін және қандай бағытта даму ке­рек­­­тігін түсінуге көмектеседі деп се­неді, ал бірі материалды игеру – ең ма­ңызд­ы үрдіс, ол үшін баға қою міндетті емес деп есептейді.

Кездесуді қорытындылай келе К.Шәм­­шидинова кез келген бағалау жү­­йесі адамды оқуға ынталандыруы тиіс екенін, ал шынайы сапалы бағалау жүйесі мұғалімнің күнделікті сапалы жұ­мысын көрсететінін атап өтті. Сапа – ба­ғалаудың басты мақсаттарының бірі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар назарына ұсынылған бейнеролик респуб­лика бойынша ұстаздар қауымына бұрыннан таптырмас құрал болып келген әдістемелік ресурстардың сан алуан түрін ұсынды. Атап айтқанда, дөңгелек үстел барысында ұсынылған материалдар 400 мыңға жуық педагог тіркелген NIS-тің «Жүйелік-әдістемелік кешен» бірыңғай платформасында орналастырылады. ЖӘК порталында критериалды бағалауға арналған әдістемелік материалдар мен спецификациялар және қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері орналастырылған. «Педагогтердің әзірлемелері» бөлімінде жалпы білім бере­тін мектеп мұғалімдерінің «Бағалау үшін тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» оқу курстарында тереңдетілген білім беру бойынша дайындаған жиынтық бағалау жұмыстарының үздік нұсқалары ұсынылған. Өзге де пайдалы ресурс­тар қатарында бағалау мәселелері бо­йынша мұғалімдерге арналған онлайн курс­тар, оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін бағалауға арналған онлайн тренажер, мұғалімге жиынтық жұмысты аяқтау үшін оңтайлы уақытты есептеуге көмектесетін онлайн-калькулятор және әрбір мұғалім біліктілік санатының деңгейіне және оқытылатын пәнге сәйкес оқу жылына мақсат қоя алатын кәсіби даму мақсаты конструкторы бар.

«Білім сапасын қамтамасыз етудегі бағалаудың рөлі» – Ыбырай Алтын­са­риннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасы аясында NIS-те өткен үшінші дөңгелек үстел екенін айта кеткен абзал.