• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қараша, 2021

Әрбір тұрғынды есепке алу маңызды

115 рет
көрсетілді

Осы күндері ұлттық санақтың соңғы апталары өтуде. Жаман індеттің кесірінен және басқа да себептерге байланысты бұл маңызды шараға түрлі кедергі кездеседі.

Бір апта бұрын облыс әкімі Құмар Ақсақалов облыс тұр­ғындарына арнайы үндеу жария­лап, саяси маңызы зор мем­лекеттік шараға белсен­ділікпен қатысуды өтінді. Жуырда облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов пен облыстық статистика де­пар­­таментінің басшысы Ма­­рал Нұржауыпова жур­на­­листерге брифинг беріп, санақ­тың аралық қорытын­да­­лары туралы баяндап бер­ді. Алдымен 10 жылда бір рет өткізілетін ұлттық санақ­тың маңыздылығы тура­лы сөйлеген Ғани Сақта­ған­ұлы бұл іс-шара экономика мен саясатта стратегиялық болжамдар мен жоспарлар құру, халық санының өз­геру барысын сараптау үшін аса қажет екенін жеткізді. Бүгінгі таңға дейін солтүстік­қазақ­стандықтардың 90 па­йызы санақтан өткен екен. 8 қарашаға дейін созыла­тын қалған күндерде тұрғын­дар­дың санақтан толық өту қа­жет­тігі айтылды.

М.Нұржауыпова облыс аудандары арасынан бүгінге дейін санақты аяқтауға Есіл, Қызылжар және Аққайың аудандары жақын екенін айтты. Бұлардың көрсеткіштері 98%-ға жеткен. «Онлайн са­наққа ең белсенді қатысқан Ақ­жар, Мамлют және Уәли­ханов аудандары. Ал Аққайың, Қы­зыл­жар және Есіл аудан­дары тұр­ғындарының 65-68%-ы дәс­түрлі форматты таң­да­ды. Онл­айн санақтан өту мүмкіндігі 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында ұсы­нылған болатын. Бірақ тұр­ғын­дардың көп­теген өті­ніші­не байланыс­ты және са­нақ­­пен халықты қам­­ту көле­мін ұлғайту мақ­са­­т­ын­­да он­­лайн санақ осы жыл­­­дың 1 қарашасына дейін ұзар­тылды. Облыстың әрбір тұр­ғы­ны санақтан sanaq.gov.kz

сай­тында өте алады», деді статис­тика департаментінің басшысы.

Облыста үй-үйді аралау 1 қазанда басталған. Бірақ, өкінішке қарай, кей­бір тұрғындар Халыққа қыз­мет көрсету орталығында бар­лық ақпарат бар деп, есік ашудан, сұраққа жауап беруден бас тартқан. «Алай­да әрбір адам бойынша мем­лекеттік органдардың бар­лық ақпараты құпия екенін атап өткім келеді, оны ешкім бұза алмайды. Ешқан­дай ақпараттық жүйеде азамат­тар­дың діни ұстанымы, тіл­дер­ді білуі, коммуникациялар­мен қамтамасыз етілуі туралы деректер және т.б. жоқ. Ақ­па­рат­тық жүйе қанша дамы­са да халық санағын өткізу барысында алынған ақпарат­тың теңдесі жоқ», деді М.Нұржауыпова.

Санақ өткізу әдіснамасына сәйкес 8 қарашаға дейін бақы­лап аралау қарасты­рыл­ған. Яғни тағы бір аптаға жақын уа­қыт бойы үйлерді ара­лау жал­ғасады. Әрбір қазақ­стан­дық­ты қамтитын маңыз­ды іс-шара­ның абыроймен өткені қажет.

 

Солтүстік Қазақстан облысы