Белград төрінде керілген рингте қарсыластарын қоғадай жапырып жеңіп келе жатқан 71 келі салмақтағы қазақ боксшысы Асланбек Шымбергеновтің шеберлігіне Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBА) басшылығы сүйсінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
AIBA өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі аккаунтында Асланбек Шымбергеновтің германиялық Магомед Шахидовты мерзімінен бұрын жеңген сәтінен видео жүктеп, қазақ бокшысының сойқан соққысын лайықты бағалаған.
«Жойқын оң қолы дөп тиді», делінген жазбада. Асланбектің сол соққысынан кейін төреші кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауға шешім қабылдаған болатын.