Украина премьер-министрінің бірінші орынбасары – Экономика министрі Алексей Любченко отставкаға өтініш берді. Бұл туралы Министрлер кабинетінің Жоғарғы Рададағы өкілі Тарас Мельничук мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
«Украина премьер-министрінің бірінші орынбасары - Экономика министрі Алексей Любченко Жоғарғы Раданың кеңсесіне қызметінен кетуді қабылдау туралы өтініш берді», деп жазды Мельничук Telegram-да.
Жоғарғы Рада биылғы 20 мамырда ғана Любченконы Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Экономикалық даму, сауда және ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындаған еді.