ҚР Праламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын таныстырған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жазасы жеңілдеп, қамаудан босайтын адамдардың нақты санын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жоба бойынша, біріншіден, 2236 сотталушыға, 11 310 пробацияда тұрған адамға рақымшылық жасалады. Нәтижесінде 1000 адам қамаудан бостандыққа шығады. 3818 адам пробациялық бақылаудан босатылады», деген министр заң бойынша аса ауыр қылмыс жасаған азаматтарға рақымшылық жасауға тыйым салынғанын ескертті.
«Екіншіден, 1294 сотталушыға, 7294 пробацияда тұрған адамдарға жаза мерзімі қысқартылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі өндірістегі 5000 мың қылмыстық іс қысқартылады. Оның ішінде 1674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1471 адамға сот органдары жаза мерзімін қысқарту немесе босату ережелері қолданылады.