• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қараша, 2021

Қазақстан Глазгода өңірлік конференцияны табысты өткізді

210 рет
көрсетілді

2021 жылғы 2 қарашада Ұлыбританияның Глазго қаласында БҰҰ негіздемелік конвенциясының СОР26 тараптарының конференциясы шеңберінде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Орта Азия өңірлік экологиялық орталығымен бірлесіп конференция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Іс-шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Бекешев, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы Ассоциациясының төрайымы Ә.Назарбаева, Орта Азия елдерінің өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.

Іс-шараның мақсаты - болашағы бар «жасыл» инвестициялық жобалар тұрғысынан өңірге қызығушылық туғызу. Сонымен қатар, өңірлік елдер арасындағы диалогты күшейтуге, ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарымен және Орта Азиядағы жобаларды дамыту жөніндегі агенттіктермен бірлесуге жәрдемдесу.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мемлекет басшысының Климаттық амбициялар жөніндегі саммитте айтылған 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі Қазақстанның экологиялық бастамасы нақты қадамдармен расталып жатқанын атап өтті. 

«Экономиканы құрылымдық декарбонизациялау бойынша қадамдармен Қазақстанның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму доктринасы әзірленіп жатыр. Қазақстан Экологиялық кодексті қабылдады, оның нормалары әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және онда, атап айтқанда, өндірісті «жасылдандыру» үшін ең үздік қолжетімді техникалардың қағидаттары көрсетілген», деді Серікқали Брекешев.

Қазақстанның экологиялық қауымдастықтарының басшысы Әлия Назарбаева өз баяндамасында «жасыл» дамуға және тұрақты технологиялар трансфертіне жәрдемдесу үшін Орта Азия елдері мен халықаралық қоғамдастық арасындағы тиімді әріптестік идеясын көрші елдермен кооперациясыз және ынтымақтастықсыз және халықаралық қаржы институттарының сараптамасы мен қолдауынсыз іске асыру мүмкін еместігін айтты.

«Біз өңір елдерімен трансферт және таза технологияларды енгізу мәселесі бойынша жинақталған тәжірибені, білім мен әдіснаманы бөлісуге дайынбыз. 2021 жылы парниктік газдар шығындарын азайту саласында ұлттық-айқындалатын салымдар форматында ұлттық саясат мақсаттарын жаңарту жөніндегі процесс аяқталады. Орта Азия елдері таяу болашаққа өз жоспарларын ұсынбақ және Париж келісімінің табыстылығы және біздің өңірдегі климат пен қоршаған ортаның жай-күйі осы жоспарлардың іске асырылуына, сондай-ақ біздің бірлескен күш-жігерімізге байланысты болады», деді Әлия Назарбаева.

Сонымен қатар, Қазақстанның экологиялық қауымдастығының басшысы көршілес мемлекеттерді Климатты сақтау мәселелері жөніндегі Орта Азия хабы ретінде ХЖТИЖО алаңында ынтымақтасуға шақырды.

Қазақстанның халықаралық аренада өңір бірлігінің бастамашысы ретіндегі рөлі - экологиялық мәселелерді, оның ішінде өндірістерді жасыл экономикаға бейімдеу, инвестициялық жасыл жобаларды ұлғайту мәселелерін шешуге бағытталған үлкен қадам.